Көкшетау қ., РАХИМБЕК САБАТАЕВ қөш., 1

      1. Жалпы ережелер

1) мемлекеттік қызмет көрсетуші туралы мәлңмет.

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Көпбейінді облыстық аурухана» ШЖҚ МКК.

2) мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Көпбейінді облыстық аурухана» ШЖҚ МКК төрт мемлекеттік қызмет көрсетеді: 

«Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру»

«Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру»

«Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ беру».

«Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды, мамандандырылған емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды беру»

2024 жылдың қорытындысы бойынша стационар көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз ақпараттық жүйелер арқылы электрондық түрде 47 046 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Соның ішінде:

- «Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру»  -   34 755.

- «Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру»  - 729 қызмет,

- «Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ беру» - 7247 қызмет.

-«Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды, мамандандырылған емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды беру»- 4 315 қызмет.

КОА мемлекеттік қызмет көрсету Дамумед КМАЖ, ИСЛО АЖ ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады

      3) Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

2024 жылдың қорытындысы бойынша жүргізілген талдау негізінде ең сұранысқа ие мемлекеттік қызмет:

«Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру»  -   34 755 қызмет.

2. Қызмет алушылармен жұмыс.

1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

 Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат медициналық ұйымның amob.kz ресми интернет-ресурста "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылады. Сонда қызмет алушы ақпаратпен танысып, пікір қалдыра алады. Бұдан басқа, ақпарат стационарда ақпараттық стендте жалпыға қолжетімді жерде орналастырылған.

          3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).

2024 жылдың 12 айында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру іс-шаралары өткізілді, оның ішінде: мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі мен мүмкіндіктері туралы БАҚ ақпаратын орналастыру: мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша 2 семинарға жауапты маманның қатысуы, мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат инстаграмда орналастыру-4, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық база өзектендірілді сайтта.

Электрондық мемлекеттік қызметтерді алу үшін "Е-GOV" өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.

       3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесстерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

1) Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

2024 жылдың IV тоқсанында өз қаражаты есебінен «Конструктивное решение» фирмасы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету саласында 4 қызметкердің біліктілігін арттыру жүргізілді және «мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру» тақырыбына сертификаттар берілді.

Денсаулық сақтау объектілерін бейімдеу бағдарламасы бойынша КОА 2022 жылы объектілерді толық бейімдеу жүргізілді. Талаптарға сәйкес барлық объектілерде пандустар, медициналық персоналды шақыру түймелері жұмыс күйінде жұмыс істейді, емханаларда тактильді плиткалар төселген, сондай-ақ емханаларда мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған дәретхана бөлмелері, нашар көретін пациенттерге арналған сары шеңберлер бар..

4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

1) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

2024 жылы қызмет алушылардан "Көпбейінді облыстық аурухана" ШЖҚ МКК-на мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету процесстерін жақсарту мақсатында пациенттерге «Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру» мемлекеттік қызметін ұсынатын клиницист дәрігерлері үшін компьютерлер сатып алынды, саны-15 дана. Компьютерлік техниканы одан әрі жаңарту жоспарлануда.

3) КОА-да пациентті қолдау және ішкі бақылау қызметі жұмыс істейді, оған ПҚ және ІБҚ басшысы, дәрігер сарапшы, БАҚ-пен жұмыс жөніндегі маман, медбике ісінің сарапшылары кіреді. «Сенім телефоны» 31-61-47 жұмыс уақытында және 44-21-47 тұрақты режимде жұмыс істейді.

 2)  Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
- Медицина қызметкерлерімен қолданыстағы заңнаманың нормативтері және мемлекеттік қызмет көрсету ережелері туралы тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді;

-  Мемлекеттік қызметтер бойынша есептердің сәйкестігін бақылау бойынша оқыту семинарлары өткізілді.

5. Қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсететін медициналық ұйымдардың аса маңызды міндеті болып табылады, оның мақсаты көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну сапасына қанағаттануын арттыру болып табылады. Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қажетті жағдайлар жасау, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты шағымдар мен өтініштерді уақтылы қарауМемлекеттік қызметтерді және көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын алу тәртібі туралы ақпараттандыруды қамтамасыз ету.



 

 

Директор                                                                               Жаров Н.К.


vaccine ru

banner call

20.09.22 1 20.09.22 1

Наш адрес:

020000, РК, г.Кокшетау, ул. Рахимбека Сабатаева, 1

 mobkoksh@yandex.kz

+7 (7162) 44-06-02 (справочная служба),
+7 (7162) 26-61-61 (приемная директора).