17 желтоқсаннан бастап Облыстық көпбейінді аурухананың базасында *CeRebra* жасанды интеллект жүйесі ресми түрде енгізілді.
Бұл облыс тұрғындары үшін нені білдіреді?
Инсульт кезінде уақыт — ең құнды ресурс. *CeRebra* — инсульт белгілері бар бас миының КТ-суреттерін автоматтандырылған түрде талдауға және қарауға арналған отандық бағдарламалық қамтамасыз ету. Жүйе дәрігерге шешім қабылдаудың сапасы мен жылдамдығын арттыруға мүмкіндік беретін «екінші пікір» құралы ретінде қызмет етеді.
Қорғалған бұлтты технологияларды пайдалану арқылы дәрігерлер талдау нәтижелеріне мобильді қосымша арқылы қашықтан да қауіпсіз қол жеткізе алады.
Болашақ бүгіннен басталады және ол азаматтарымыздың денсаулығын сақтауға қызмет етеді!
1) №1 акушерия және гинекология кафедрасының меңгерушісі Хамидуллина Зайтуна Гадиловна;
2) №1 акушерия және гинекология кафедрасының доценті Шарипова Халида Кубентаевна;
3) жұкпалы аурулар және фтизиатрия кафедрасының ассистенті Нурахметова Гаухар Ануарбековна;
4) №2 ішкі аурулар кафедрасының ассистенті Бектасова Баян Буркитовна.
Жұмыстың басты мақсаты - медициналық көмектің сапасын арттыру, өңірлік мамандарды әдістемелік қолдау және денсаулық сақтаудың республикалық және жергілікті деңгейлері арасындағы өзара іс-қимылды нығайту.
Консультативтік қабылдауда 59 адам болды.
Олардың ішінде 3 адамда онкопатологияға күдік анықталды, 32 адамда басқа аурулар анықталды. 45 зерттеу жүргізілді.
Сондай-ақ консультативтік қабылдау барысында дәрігерлер онкологиялық сақтықты арттыруға бағытталған профилактика туралы айтты.
Модификацияланған Стоппа қолжетімі — жамбас қуысының алдыңғы бөлігін, әсіресе алдыңғы тіреуішті, екі тіреуішті сынуларды, сондай-ақ квадрилатералды беткей аймағын визуализациялауға және бекітуге мүмкіндік беретін предбрюшиндік (құрсақ қуысына кірмей) хирургиялық қолжетім.
✅ Артықшылықтары
- Жамбас шұңқырының алдыңғы тіреуішін және квадрилатералды беткейін жақсы көруге мүмкіндік береді.
- Илиоингвиналдық қолжетіммен салыстырғанда жүйке-тамырлық асқынулар аз.
- Қан жоғалтудың төмен болуы.
- Медиальды пластиналарды (мысалы, infrapectineal plate) ыңғайлы орналастыру.
- Қажет жағдайда басқа қолжетімдермен біріктіруге болады.
Көпбейінді облыстық ауруханада өңірде травматологиялық көмек көрсету сапасын жақсартуға бағытталған іс-шара ұйымдастырылды. Отырыста қол хирургиясының заманауи тәсілдері, эндопротезден кейін науқастарды бақылау мен емдеу бойынша ұсыныстар, балалардағы сыну жағдайларын емдеу және күйік жараларын емдеуде стволды жасушаларды пайдалану мәселелері талқыланды.
«Мұндай іс-шаралар тәжірибе алмасуға және мамандардың біліктілігін арттыруға ықпал етеді, бұл өз кезегінде өңірдегі медициналық көмектің сапасына тікелей әсер етеді», – деп атап өтті Ақмола облысының бас травматологы, Бекмұхамбетов Мұратбек Мұсылманбекұлы.
Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов бірқатар денсаулық сақтау нысандарына барып олардың даму перспективаларымен танысты. Өңір басшысы онкологиялық диспансердің стационарында жөндеу жұмыстарының барысын тексерді. Көпсалалы облыстық аурухананың бас дәрігері Нұрлан Жаровтың айтуынша, жөндеу жұмыстарын жүргізу кезеңінде онкологиялық диспансер штаттық режимде жұмыс істейді, емдеуге қажетті барлық техника жұмысқа тартылған. Бүгінгі таңда екінші, үшінші және төртінші қабаттарда бөлшектеу жұмыстары жүргізілді, есік блоктары, сантехника және қабырғаларды қаптау ауыстырылды. "Өкінішке орай, жыл сайын онкологиялық науқастардың саны артып келеді. Алайда, заманауи әдістер мен сапалы жабдықталған кабинеттер қатерлі ісік ауруын ерте сатысында анықтауға мүмкіндік береді, жақсартылған жағдайда пациенттерімізге аурумен күресуге көмектесетін мүмкіндіктер көп болады", – деді Н. Жаров. Толық ақпарат gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/658219?lang=kk
Өткізу мақсаты — операциялық араласуларды жүргізу техникасын жетілдіру, мамандардың кәсіби деңгейін арттыру және диагностика мен емдеудің заманауи әдістерін енгізу.
Іс-шара тәжірибе алмасуға, клиникалық тәжірибенің өзекті мәселелерін талқылауға, сондай-ақ медициналық персоналдың практикалық дағдыларын жетілдіру арқылы көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған.
Науқаста сол жақ бүйректің үлкен ісігіне байланысты лапароскопиялық кеңейтілген нефрэктомия, сондай-ақ қуықасты безінің аденомасы мен обыры бойынша операция жасалды. Екі науқас та өз жағдайының жақсарғанын атап өтті.
Пансионат облыстық көпбейінді аурухананың перинаталдық орталығы базасында жүзеге асырылады.
Жобаның мақсаты – жүкті әйелдердің денсаулығын сақтау және перинаталдық көрсеткіштерді жақсарту. Пансионатта тәуекелі жоғары жүкті әйелдерді облыстың шалғай ауылдарынан ертерек ауруханаға жатқызу үшін 10 төсек орын қарастырылған. Қажеттілікке қарай бұл орын саны 20-ға дейін көбейтілуі мүмкін.
Болашақ аналар босанғанға дейін бұл жерде медициналық қызметкерлердің тұрақты бақылауында тегін болады. Акушер мамандар жүкті әйелдер мен ұрықтың жағдайын тәулік бойы қадағалап отырады. Босану белгілері пайда болған жағдайда немесе қандай да бір шағымдар анықталғанда, дәрігерлер шұғыл медициналық көмек көрсетеді.
Жобаның негізгі мақсаты – жүкті әйелдерге білікті медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету, мүмкін болатын асқынуларды ерте анықтап, дұрыс әрі дер кезінде емдеу тактикасын белгілеу. Мұндай тәсіл перинаталдық нәтижелерді жақсартып, күрделі жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді.
«Дені сау ана» пансионаты – Ақмола облысында ана мен бала денсаулығын қорғаудың қауіпсіз, тиімді және пациентке бағдарланған жүйесін құру жолындағы маңызды қадам болмақ.
Көпбейінді облыстық аурухананың Перинаталдық орталығында медицина ғылымдарының докторы, акушер-гинеколог, жоғары санатты Сейсембеков Дәір Тельманұлы қатысқан екі күндік мастер-класс өткізілді. Ақмола облысынан алты науқасқа ота жасалды: екі гениталий пролапсы бойынша операция, үш лапароскопиялық операция, олардың екеуі экстирпация, біреуі миомэктомия, біреуі промонтофиксация.
Лапароскопиялық операциялардың артықшылықтары:
- Операцияның аз травматикалық болуы;
- Операциядан кейінгі қалпына келу кезеңінің қысқа болуы;
- Асқынулардың минималды тәуекелі;
- Сызаттар мен шрамдардың болмауы.
Мастер-класстарды дәрігерлердің кәсіби қызмет барысында өткізу мотивацияны арттыруға, дәрігерлердің жаңа білімге деген қызығушылығын қолдауға және жасалатын операциялардың спектрін кеңейтуге мүмкіндік береді.
020000, РК, г.Кокшетау, ул. Рахимбека Сабатаева, 1
+7 (7162) 44-06-02 (справочная служба),
+7 (7162) 26-61-61 (приемная директора).